Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта оқушыларға жолда жүру ережелері туралы түсіндіріп, көрсетуге Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Оспанов Болат Акылбекович мырзаны шақырдық. Болат Ақылбекович балаларға түсіндірме жұмыстарын жасап, сұрақтарға жауап беріп, бағдаршам мен жаяу жүргінші жолынан өту жолдарын көрсетті.
Жолда жүру ережелері