Төтенше жағдайлар бойынша түсіндірме жұмыстары
5 қараша 2021 жылы «Оқушыларүйі» КМҚК қызметкерлерімен Жаңаарқаауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Қазыбеков Арман Казбекович мырза түсіндірме жұмыстарын өткізді. Оқытушылар мен оқушылардың төтенше жағдай туындаған кездегі іс-әрекеттерді үйлестіруді, өрт қауіпсіздігі қағидаларының орындалуын, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуымен таныстырды. Сонымен қатар, өрттің тек материалдық залал ғана емес, сонымен қатар адам өміріне де үлкен қауіп тудыратынын түсіндірді.