Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-83-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 721
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
2023 жылдың қортынды есебі
25-12-2023 15:07
2023 жылдың қортынды есебі

2023 жылы ППТК-да кешенді психологиялық-педагогикалық көмекпен 78 бала қамтылды, оның 39 циклды аяқтады. Тәрбие аспектісін іске асыру шеңберінде мынандай іс-шаралар өткізілді:

10 ақпанда аудандық аурухана мамандары және ата-аналардың қатысумен

«Ерекше білім  қажет ететін балалардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой –өрісін дамыту» тақырыбында дөңгелек стол өтті,

17 ақпанда «Инклюзивті білім беру жағдайындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында аудандық семинарға ЖББМ және бөбекжай педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтары, логопед, дефектолог мұғалімдері қатысты;

8 наурыз «Ана тіршілік тірегі» атты тәрбиелік іс –шара өткізілді.

19 наурыз «Нұр себеле Ұлыстың Ұлы күні!» тәрбиелік іс шара өткізілді, іс-шара аясында Ашық есік күндері өтті.

29 наурызда «Жұлдызай 2023» аудандық фестиваль байқауында «Вокал номинациясы» бойынша мекеме баласы мадақтамамен марапатталды;

Ата-аналарға, ЖББМ психологтарына, логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог, тәрбиешілер, бастауыш сынып мұғалімдеріне жұма күндері конкультациялық кеңестер берілді.

31 наурыз күні «2-Сәуір Бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күні» тақырыбында аурухана мамандары мен мектеп педагог – психологтарымен қатысумен дөңгелек стол өткізілді.

22 сәуірде Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» аясында «Бочча» параолимпиядалық спорт түрінен аудандық ашық турнир өтіп, балаларымыз жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды.

«1-маусым Халықаралық балаларды қорғау» күніне арналған «Толағай» спорттық сайыс өткізілді.

 02 маусым күні 4-маусым ҚР Рәміздер күніне орай «Рәміздерім – мақтанышым!» атты патриоттық іс-шараны тәрбиеші өткізді.

2023 жылдың 24-25 тамыз аралығында Қостанай қаласында Республикалық тамыз кеңесі «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында конференцияға мекеме директоры Ж.А.Сарбасова қатысты

2023 жылғы 8 қыркүйек күні түзету кабинетінің базасында көшпелі ОПМПК ұйымдастырылып, 21 баланы қамтып, оның 11-і ППТК –ға мемлекеттік қызмет алу үшін жолдама алды.

Директор Ж.А.Сарбасова, ЕДШ мұғалімі Марат М., тәрбиеші Умизакова А.З, АИБД ҰҒПО-д біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Тәрбиеші Умирзакова А.З. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан курстан өтті.

Биылғы оқу  жылында   2 мұғалім  дефектолог мұғалім Н.Б.Шубаева «Педагог-сарапшы»,  А.И.Шожина  «Педагог-модератор» біліктілік санаттарын көтерді.

Аудандық кәсіподақтың атынан дефектолог Ж.Р.Ибикенова мадақтамамен,

Аудандық әкімнің Алғыс хатымен логопед мұғалім А.И.Шожина,

Ұлытау облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен логопед мұғалім А.Б.Абельдинова,

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен мекеме директоры Ж.А.Сарбасова марапатталды.

23 қарашада мектептің педагог - психологтары, әлеуметтік педагогтары, ата –аналарымен  бірігіп «Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларды оқыту» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді.

«Қош келдің берекелі –Алтын күз» тәрбиелік іс-шара өткізілді.

25 қазан Республика күніне орай « Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» тәрбиелік іс-шара өтті.

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай  «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында тәрбиелік іс-шараны  өткізілді,  видеороликтар көрсетілді.

«Жаңа-жылдық ертеңгілік» тәрбиелік іс-шарада ата-аналармен және балалармен логопедиялық, дефектологиялық, психологиялық тренинг элементтеріне қызықты ойындар өткізілді.