Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-83-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Құтты болсын Жаңа жыл!
21-12-2023 17:35
Құтты болсын Жаңа жыл!

Ұлытау облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ-де балалар мен ата-аналарға арналған  Жаңа жылдық "Құтты болсын Жаңа жыл" тақырыбында мерекелік іс-шара екі (2) аусымда өткізілді.

Мекеме ұжымы әртүрлі кейіпкерлердің рөлін ойнап, балалардың көңілін көтеріп, ойнатып, суретке түсті. Логопед, дефектолог, психолог,тәрбиешілердің дайындаған арнайы ойындары қызықты өтті. Ата-аналармен де қызықты ойындар өткізілді. Аяз Ата мен Ақшақар келіп, Жаңа жылдық көңіл күйді ерекше сезіндірді. Балалар ән салып, жарқыраған шыршаны қол ұстасып айналды. Көрсетілген өнерлеріне Аяз Ата қоржынынан тәтті сыйлықтар таратылды. Аниматорлар шақырылып, балалармен суретке түсіп, би биледі. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, ата-аналар ризашылығын білдіріп кетті.

Балаларға Жаңа жылдық тәтті сыйлықтарға демеушілік білдірген:

1. Жаңаарқа кенті, ЖК Дүйсембаев Б.А., "Әлия" супермаркеті

2. М.Жұмажан ауылы, ЖК Төлеукенов А.К., "Мирас" дүкені

3. Талдыбұлақ ауылы, ЖК  Апиева А.М., "Ауылым" дүкені

4. Талдыбұлақ ауылы, ЖК Ширинбекова И.Р., "Інжу" дүкені

5. Жаңаарқа кенті, ЖК Қасымбеков Ж.Қ., "Жандос" супермаркеті

Сіздерге алғысымызды білдіріп, келер жылда отбасыларынызға бақыт пен береке, кәсіптерінізге толағай табыс тілейміз!

1