Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-83-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Тәуелсіздік-тұғырым!
13-12-2023 11:31
Тәуелсіздік-тұғырым!

Ұлытау облысы білім басқармасы Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ-де "Тәуелсіздік-тұғырым" атты түзету-дамыту сабақтары өтті. 

Биыл қастерлі Тәуелсіздігіме 32 жыл толады. Бұл қайта-қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес.

Түзету-дамыту сабақтарының мақсаты балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру.

Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту.  

Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу, ел қамын жеген ерлерді лгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбилеу. Балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.