Хабарландыру!!!
Ұлытау облысы білім басқармасының
Жаңаарқа ауданы білім бөлімі "Психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» КММ 2023-2024 оқу жылына келесі лауазым бойынша бос орындар бар екенін хабарлайды:
Педагог – психолог - 0,5 мөлшерлемед.
ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ: Кандидаттар оқылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді. Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады. Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды. Электронды журналдарды толтырады. Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жопары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамассыз етеді. Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді. Кәсіби құзіреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті арттырады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды. Білім алушылар, тәрбиленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
БІЛІКТІЛІККЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс. Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер- 5 жыл, педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.
ҰСЫНАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:
1) «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 21.02.2012 жылғы №57 бұйрықтың 10 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
ҚҰЖАТТАР КЕЛЕСІ МЕКЕН-ЖАЙ БОЙЫНША ҚАҒАЗ ТҮРІНДЕ ҚАБЫЛДАНАДЫ: Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы; Абая 37. Байланыс телефоны 8 (71030) 28304