«Әділетті Қазақстан: Сапалы Білім, Адал Ұрпақ, Табысты Ұлт»
2023 жылы тамыздың 24-25 күндері Қостанай қаласы, КЕАҚ «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде» «Әділетті Қазақстан: Сапалы Білім, Адал Ұрпақ, Табысты Ұлт» Республикалық тамыз кеңесі аясында педагог қызметкерлердің «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында секциялық отырысы өтті. Ұлытау облысы білім бөлімінің Жаңаарқа ауданы "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің" директоры Ж.А. Сарбасова қатысып қайтты.