Аттестациядағы өзгерістер жайлы Zoom платформасында өткен жиналыс
22.02.2023 жылы "Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми - практикалық орталығы" РММ- нің директоры Кудеринова А.М. қатысуымен аттестациядағы өзгерістер бойынша Zoom конференциясы өтті. Оған ППТК, оңалту орталықтарының директорлары, әдіскерлері қатысып, аттестациядағы өзгерістер туралы толық ақпарат берілді. Аттестациядағы өзгерістер, біліктілікті арттыру курстары туралы сұрақтар қойылып, жауапты тұлғалар пікірлерін айтып, өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарына нақты жауап алды. Мекеме директоры Сарбасова Ж.А, әдіскер Шожина А.И. қатысты.