Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-83-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" ұйымдастыруымен өткен аудандық семинар
17-02-2023 20:29
Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің
17.02.2023ж Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ-сі ұйымдастыруымен аудандық семинар өтті. Тақырыбы: "Инклюзивті білім беру жағдайындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау"
Семинарды мекеме директоры Ж.А. Сарбасова және Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің әдіскері А.К. Оқасова ашып берді. Семинарға ЖББМ және бөбекжай педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтері, логопед, дефектолог мұғалімдері қатысты.
Семинар аясында мекеме әдіскері А.И.Шожина "Инклюзивті білім беру жағдайындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау" жайлы айтты.
Дефектолог Н.Б.Шубаева және Ж.Р.Ибикенова "Инклюзивті білім берудегі дефектолог жұмысы" тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті, нейропсихологиялық жаттығулар кешенін көрсетті.
"Инклюзивті білім беру жағдайында сөйлеу тілінде бұзылушылығы бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстар" тақырыбы аясында мекеме логопеді Д.Қ.Омарова сөйлеу тілін дамытудағы инновациялық тәсілдерді атап өтті.
Әлеуметтік педагог А.Т.Нысанбекова "Ерекше білімді қажет ететін балалардың өз-өзіне қызмет ету дағдыларын дамыту" тақырыбы аясында кеңестермен бөлісті.
Ырғақты музыка мұғалімі А.Ж.Мейрамова "Инклюзивті балалармен түзету-дамыту сабақтарында жүргізілетін би қимылдары" тақырыбында сабақта қолданатын әдістерімен практика жүзінде бөлісті.
Емдік дене шынықтыру мұғалімдері А.М.Бүлкенов, М.Марат дене шынықтыру құралдар кешенін пайдалану және түзету әдістері, олардың маңызы туралы ақпарат берді.
Мекеме директоры Ж.А.Сарбасова және мекеме мұғалімдері келген қонақтарға мекеме ішін таныстырып өтті.
Семинар қатысушылары "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" мамандарының жұмысына сәттілік тілеп, алғыстарын айтты. Келген әріптестер бүгінгі семинардан өздеріне қажетті мағұлматтар мен әдіс-тәсілдерді алды деген ойдамыз.