Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-83-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
"111 ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ ҚЫЗМЕТІ"
04-10-2021 14:51
1 қыркүйек күні "Nur Otan" партиясының
Отбасы, әйелдер мәселелері және
балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі
республикалық қоғамдық кеңесі
жанындағы "111 Жедел қызметі" байланыс
орталығы өз жұмысын бастап, барлық
мемлекеттік органдармен және 2324 жедел
әрекет ету топтарымен тікелей көмек
ұйымдастыруда. "111" нөмірі балалардың,
отбасы мен әйелдердің құқықтарын
қорғауға байланысты барлық мәселелер
бойынша өтініштер қабылдайды.
 
"111 Жедел қызметі" байланыс орталығы
балалар мен ересектер өздеріне көмек
қажет екендігі туралы, тұрмыстық
зорлық-зомбылық, балалардың
құқықтарының бұзылуы туралы, баланын
көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны
туралы, өміріне және денсаулығына қауіп
төніп тұрғандығы, зорлық-зомбылық
немесе қатыгездік жасалынғандығы
туралы хабарлауға немесе біреу балаларға
қауіп төндіретін объектіні, мысалы, ашық
люкті, қауіпті жоғары вольтты электр
желісін, ашық су көзін көргенін хабарлау
үшін ашылды.
 
"111" нөмірі - 24/7 жұмыс істейді;
 
• "111" нөмірі - конфиденциалды;
 
"111" нөмірі - тәулік бойы ІІД және
өңірлік жедел әрекет ету топтарымен
байланыста;
 
Барлық қоңыраулар тіркеліп, қоңырау
шалушыға мәселе бойынша қандай шаралар қабылданғаны туралы кері байланыс беріледі.
 
Әрқайсымыздың бұл тақырыпқа барынша ден қоюымыз маңызды. Баланың, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төнгеніне күдік туған жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік танытып, "111"-ге хабарлау қажет.
 
1. ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛСЫН, "111" нөміріне құқық бұзушылық туралы дер кезінде хабарлау арқылы сіз отбасының, әйелдер мен балалардың қорғаушысы бола аласыз.