1- маусым Балаларды қорғау күні!
Бүгін халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мейрам барлық елде 1950 жылдан бері тойланып келеді. Мақсаты балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғап, оларға қамқорлық жасауды тағы бір еске салу. Осылайша болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Бұл күні жер-жерде балаларға арналған мәдени шаралар ұйымдастырылып, мерекелік көңіл-күй сыйланады.
Дегенмен, пандемияға байланысты биыл мекеме тарапынан іс- шара онлайн форматта және жеке балалармен ән , би , өлең айтылып өткізілді.