Жаңаарқа ауданы С. Сейфуллин атындағы ЖОББМ-і инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын тәжірибе алаңында Тақырыбы "Инклюзивті білім беруді дамыту"атты аудандық семинар-практикум өтті. Мақсаты: Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс бағыты
2019жылдың қараша айының 22жұлдызында Жаңаарқа ауданы С. Сейфуллин атындағы ЖОББМ-і инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын тәжірибе алаңында Тақырыбы "Инклюзивті білім беруді дамыту"атты аудандық семинар-практикум өтті. Мақсаты: Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс бағыты мен әдіс- тәсілдермен бөлісу. Осы семинарға біздің мекеменің ұжым мамандары қатыстып, мекемеге келетін ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көрсетіліп жатқан түзете дамыту жұмыстарымен ой бөлісіп, көрмеге қойылған балалардың шығармашылығын таныстырып, мектептерден келген психолог, әлеуметтік педагог және бастауыш сынып мұғалімдерімен тәжірибе алмасты. Осы семинарды ұйымдастырған аудандық білім бөлімінің әдіскері Замзагул Сағатовнаға ризашылығымды айтып тарқастық.