БОС ОРЫН ТІЗІМІ
№ |
Лауазымы |
Жүктеме |
Жалақы «жоғары білім, санатсыз)
|
1 |
Музыка жетекшісі |
0,5 |
70.688-96.238 |
ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ
Қарағанды облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің "Ақерке" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Мектепке дейінгі ұйымның музыка жетекшісі
1. Лауазымдық міндеттері: Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және әлеуметтік жағдайын сақтауға және түзетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әртүрлі әдістерін, мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілетін дамыту диагностикасының элементтерін меңгеруі, баланың даму ортасын өзгертуге белсенді араласуы тиіс.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың жеке және жыныстық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады, олардың өмірлік өзін-өзі анықтаудың әр түрлі жағдайларында бағдарлануға дайындығын дамытуға ықпал етеді.
Мектепке дейінгі жастағы шығармашылықпен дарынды балаларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі.
Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналысын, сауықтыру, тәрбие және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында қарастырылған басқа да іс-шараларды өткізу жұмыстарына қатысады.
Кәсіби деңгейін арттырады.
Тәрбие-білім беру процесінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау,өртке қарсы қорғау ережелерін сақтайды. Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді.
2.Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді,
жалпы психологияны, педагогикалық психология және жалпы педагогиканы, тұлғалық психология мен дифференциалдық психологияны, балалар мен жас ерекшеліктер психологиясын, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматиканы,
дефектология, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес және психопрофилактика негіздерін,
қарым-қатынас жасау әдістерін, әлеуметтік-психологиялық тренингтердің әдістерін, белсенді оқыту әдістерін, жеке және топтық кәсіби консультация берудің қазіргі заманғы әдістерін,
баланың қалыпты және аномальді дамуын диагностикалау және түзетуді,
еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғану нормалары мен ережелерін және санитариялық қағидаларды.
3.Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Музыка жетекшісі" бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Біліктілік деңгейі жоғары болған жағдайда педагог-шебердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.
Техникалық және кәсіптік білімі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл.
4.Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог" (санаты жоқ):
Музыка жетекшісіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сонымен қатар:
қазіргі заманғы психологиялық әдістерді білуі;
мектеп жасына дейінгі балалармен диагностикалық, түзету жұмыстарын жүзеге асыруы, балалардың эмоциялық саулығын, тиімді дамуын қамтамасыз етуі;
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауы және ұйымдастыруы; педагогикалық ұжым мен ата-аналарға психологиялық ағартуды жүзеге асыруы тиіс.
2) "педагог – модератор":
"педагог" (санаты жоқ) санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы, сонымен қатар:
жеке-психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, балалармен жұмысты жүзеге асыру;
балалармен, педагогтермен, ата-аналармен проблемалық (стандартты емес) жағдайларда жұмысты ұйымдастыру;
ересектердің балалармен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету және реттеу;
әлеуметтік бейімделудің белсенді әдістерін қолдану;
ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету.
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" санатына сәйкес болуы, сонымен қатар:
әртүрлі бейіндегі және арналуындағы психологиялық диагностика жүргізу, балалармен жеке жұмысты жүзеге асыру;
шығармашылық топқа басшылық ету, психологиялық – педагогикалық қызметтің өзекті мәселелері бойынша конференцияларға, семинарларға қатысу;
мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық қолдау бойынша ұсынымдар әзірлеу;
білім беру ұйымдары деңгейінде өз және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтау және тәлімгерлікті жүзеге асыру, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау.
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" санатына сәйкес болуы, сонымен қатар:
психологиялық тексеру мен диагностика деректерін ескере отырып, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс бойынша психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды дербес әзірлеуі, психологиялық қорытынды жасауы және түзету жұмыстарын жүргізуі;
әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік кешендер әзірлеуі;
психологиялық - педагогикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша инновациялық тәжірибені енгізуі;
мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру бойынша педагогтерге көмек көрсетуі тиіс;
психологиялық - педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын конструктивті анықтау, Облыс / республикалық маңызы бар және естаналық деңгейдегі қалалары деңгейінде тәжірибені жинақтау.
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" санатына сәйкес болуы, сонымен қатар:
авторлық бағдарламасы болуы немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған шығарылған оқу-әдістемелік құралдардың, оқу-әдістемелік кешендердің авторы (тең авторы) болуы;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде кәсіптік қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық кәсіптік конкурстардың қатысушысы болып табылады
Жауапкершілік:
4.1 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға, протекционизмге, непотизмге және жақын туыстарына тікелей бағынуға жағдай жасауға жол бермеу туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтау.
4.2 «Педагог мәртебесі туралы» Заңның 15-бабы 1-тармағының 10-тармақшасына сәйкес құқық қорғау органдарына және жоғары тұрған басшылыққа кәмелетке толмағандардың немесе оларға қатысты, оның ішінде өзіне белгілі болған қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар заңсыз әрекеттер (әрекетсіздік), білім беру ұйымынан тыс кәсіби қызметке байланысты фактілерді шұғыл жазбаша хабарлайды.
4.3 Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес білім беру ұйымдарындағы заңсыз миссионерлік қызметі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады
КМҚК «Ақерке» бөбекжайыныңпедагогтерін лауазымға тағайындау тәртібі
- КМҚК «Ақерке» бөбекжайыныңбос орындарына конкурс өткізеді.
- Конкурсқа www.enbek.kz веб-сайтында тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген мұғалімдер лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін, конкурсқа барлық қажетті құжаттарды тапсырған мұғалімдер қатысады.
Конкурс өткізу туралы хабарландыру:
- Орналасқан жері – Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кенті, А.Сейдімбеков көшесі, 55Аүй, КМҚК «Ақерке» бөбекжайы
- Пошталық мекенжайы – Жаңаарқа кенті, индекс нөмірі 100500
- Телефон нөмірі – 87103026709
- Электрондық пошта мекенжайын – akierkie.2013@mail.ru
- Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2022жылдың 10 маусымға дейін
Қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) соттылығының жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
10) жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан мінездеме (бар болса).
11) ҰБТ сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік.
12) 12-қосымшаға сәйкес педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.