"Инклюзиядан интеграцияға"

Е.Шаханов атындағы ТМ (РО) 2025 жылдың 20 ақпаны күні "Инклюзиядан интеграцияға" тақырыбында педагогикалық шеберхана аудандық семинары өтті. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Оқасова Айгерім Құралтаевна, білім бөлімінің әдіскері Қызылбаева Асель Амангалиевна, аудан мектептерінің педагог- психологтары, педагог- ассистенттері, арнайы мамандар қатысты. Тәжірибе алмасу мақсатында өткен семинар жоғары бағаланып, спикерлер аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.