"Үздік авторлық бағдарлама"
"Е.Шаханов атындағы тірек мектебі (РО)" КММ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қ.С.Жукенов 22 қазанда аудандық авторлық бағдарлама конкурсының ұйымдастыруымен өткен "Үздік авторлық бағдарлама" республикалық конкурсына қатысты. "Коньки спорты" тақырыбында педогогикалық шеберлігі және озық тәжірибе мен шығармашылығын тарату мақсатында жоба қорғап, нәтижесінде жоба үздік деп саналып, облысқа жолдама алды. Әріптесімізге шығармашылық табыс тілей отырып, алдағы күнге сәттілік тілейміз!