Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Онлайн сабақ
30-01-2019 13:41
Онлайн сабақ

Қаңтардың 30 күні 132 жалпы білім беретін орта мектепте 3Ә сыныбында ағылшын тілінен Оразбаева Ж.Ш «Musical instruments» тақырыбында онлайн ашық сабағы өтті. Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын молайта отырып, музыка өнері туралы түсініктерін кеңейту және де сөйлеуге үйрету сонымен қатар есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушылар өте белсене қатысты. Ағылшын тілінде бар білетіндерін ортаға салды. Сонымен қатар онлайн сабақ 9 ә сыныбында «Ыбырай қазақ балалар әдебиетінің неізін қалаушы. Прозалық шығармалары мен аудармалары» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Төлеутаева Қ.С ашық сабағын өткізді. Өткізудегі басты мақсат: Ыбырайдың ағартушылық қызметінің, шығармаларының қыр-сырларын меңгертіп, мазмұнына тереңдей бойлату, прозалық шығармалары мен аудармаларының негізгі ойын, тақырыбын ашуға үйрету. Ыбырайдың шығармаларының шынайы өмірден алынғандығына назар аударту. Оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін дамыту. Әңгімедегі көркем сөз айшықтарын білгізу, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Ыбырайдың прозалық шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін оята отырып, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа, елжандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Онлайн сабақ өте жоғары деңгейде өтті.