132 орта мектепте 2019 жылдың 21-26 қаңтар аралығында көркем еңбек, сызу, музыка пән бірлестігі апталығы өтті. Ұстаздар қауымы ұйымшылдықпен, бірізділікпен жұмыс жасады. Мұғалімдер әрдайым бір-бір бірімен тәжірибе алмасып тұрады. Әр мұғалім өз білімін өздері жабдықтап көрнекі құралдар өздері жасайды әрі сабақта оны тиімді пайдаланады. Жыл сайын көрнеліктерді толықтырып отырады. Әдістемелік танымдық және оқулықтары жеткілікті.Мектепте технология, сызу, бейнелеу, ән-күй бірлестігі оқу жоспарына сай жұмыс жүргізіп отырады. Осы пәндер мұғалімдері жоспар бойынша ашық сабақ өткізді. Барлық мұғалімдер жаңа технология элементерін пайдаланды. 5-10 сыныптар аралығында «Мамандықтар әлемі»тақырыбында қабырға газеті байқауы болды. Байқаудың мақсаты (үйдің және киіз үйдің макетін жасау) Сонымен қатар «жас суретшілер» байқауы өтті. Байқау өткізудегі мақсат: оқушыларды қылқалам өнеріне баулу еді.
Мусин Б.Т «Разработка роботов из сборных деталей. История возникновения роботов» 6 сыныпқа шығармашылық тақырыпта сабақ өткізді. Бекежанов У.Т 7 сыныпта «шебер қолдар» сайысын өткізді. Оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру дәрежесі жоғары. Сабақтың кезеңдерінде логикалық ойлау мен жүйелілік бар. «Ағаш бұйымдарды жасауға үйрету» тақырыбында көрмелерге ағаш өндеу қолөнері бойынша өндеп жасалған оқушылардын жұмыстары қойылды. Валанчус Н.В 9 сыныпта «Выплонение и обозначение простых разрезов» сызу пәні бойынша сабақ өткізді. Жаппарова К.Қ 6 сыныпта «Тоқыма материалдарынан бұйым дайындау» Оқушыларымызға тоқыма өнерін жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сапа түр беріп сәндік қолөнерді дамыту. Жаппарова К.Қ, Валанчус Н.В «Ярмарка- распродажа кулинарных изделии» «Кондитерлік тағамдар жәрмеңкесі» 5-10 сыныптар аралығында өткізді. Мақсаты: Қыздарға аспаздық өнердің қыр-сырын үйрету еді. Балалармен өзіндік жұмыстар сауатты ұйымдастырылған. Оқушылардың танымдық қабілетін ынталандырып отыратын әдісті меңгерген. Сабақтарды жоғары деңгейде өткізгені, оқушылардың сабаққа өте белсенді қатысқанынан байқалады Әр сыныптың оқушылары жасаған түрлі қолөнерлерін көрмеге қойды. Оқушылардың жасаған бұйымдарының өзіндік бір ерекшелігі бар.
Оқушылардың кәсіби шеберліктерін жетілдіре отырып жаңа технологиялык әдістерді қолдану, жас ұрпаққа сапалы да терең білім беру арқылы оқу-тәрбие үрдісінде жоғары нәтижеге жету — біздің басты міндетіміз.
Шебер қолдар