Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
"ДосболLAIK: Достық қолын соз"
14-02-2024 14:18
Е.Шаханов атындағы тірек мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұргүл Нагайқызының ұйымдастыруымен "Көңілашар" атты кездесу кеші өтті.
 
Шараның өзектілігі балалардың психоэмоционалдық жағдайының бұзылуы, балаларға қатысты қылмыстар, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық (буллинг, кибербуллинг және т.б.), ақпараттық кеңістіктің теріс әсері.
 
Осы мақсатта Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен "ДосболLAIK: Достық қолын соз" акциясы бастау алды.
Акцияның мақсаты – білім беру ұйымдарында балалар арасында жәбірлеудің, қорытудың алдын алу, балалардың бір-біріне құрметпен қарап, достық қарым-қатынаста болуын қамтамасыз ету.
Кездесу кешіне Қазақстан КВН одағы Жаңаарқа КВН Жайдарман филиалының директоры Аңсаған Тоқсанбаев, Жаңаарқа аудандық полиция бөлімшесінің криминалды полиция бөлімшесінің аға уәкілі, полиция подполковнигі Арманғали Тұрарұлы Жақыпов, аудандық мәдени-сауық орталығының мәдени ұйымдастырушысы Абзал Сағындықов, кәмелетке толмаған жасөспірімдер тобының инспекторы Жанар Бүркітбайқызы және мектеп әкімшілігі мен мектеп психологы қатысты.
Соңғы жылдарда қоғамды ерекше толғандырып отырған бала тәрбиесі, буллинг, отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбын талқылау мақсатында дөңгелек үстелде бас қосты.