Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Қонақ кәде» атты жаңа жобасының тұсауы кесілді.
07-02-2024 18:07
«Қонақ кәде» атты жаңа жобасының тұсауы кесілді.
​Жаңаарқа ауданындағы академик Е.Шаханов атындағы тірек мектебінің ұлағатты ұстазы Нұргүл Шамаеваның «Қонақ кәде» атты жаңа жобасының тұсауы кесілді. Жоба ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған. Кездесудің алғашқы қонағы – Ұлытау облысының Ұлттық спорт федерациясының президенті, Жаңаарқа аудандық мәслихатының депутаты, ұлтымыздың байырғы дәстүрі мен мәдениетін ұлықтайтын тың жобалардың бастамашысы, жеті қазынасы түгел Қайсар Амангелдіұлы Сейпішов.
​Шара сұңқар ақын Сәкен Сейфуллиннің 130, Жаңаарқа ауданының 95 жылдығына арналғанын айта кетуге тиіспіз. Сондай-ақ, Қайсар Амангелдіұлы «Қонақ кәдеге» жалғыз келген жоқ. Ұлт өнері жанашырының шашбауын көтеріп белгілі атбегі, бәйгеге қосқан тұлпары тұғырдан тайып көрмеген Манат Жәдігерұлы Аманжанов, Арқа әнінің ақтаңкері, ҚР Мәдениет қайраткері Жалын Сыздық, Қайсардың баянды бастамалары мен ақжолтай жетістіктерін насихаттап жүрген аудандық «Жаңаарқа» газетінің тілішілері Салтанат Балтабай мен Қуаныш Төлеутай қатысты. Сонымен қатар, қолына қыран құсын қондырып, соңына құмай тазысын ертіп, саятшылық салтанатымен келген мейманды мектеп директоры Салтанат Аманжанқызы бастаған мектеп ұжымы ерекше құрметпен қарсы алды.