Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Шаттыққа толы шырша тойы
11-01-2019 14:04
Шаттыққа толы шырша тойы

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Ит жылын артқа тастап, міне доңыз  жылын да қарсы алдық. «Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа»- демекші айтулы мереке біздіңошағымызда да аталып өтті.. Жаңа жылға дайындық ерте басталып кеткен болатын. Мектеп әкімшілігі Жаңа жылдық мерекені балалар үшін өте қызықты, есте қаларлықтай етіп өтуін ұйымдастырды.  «№ 132 жалпы орта білім беретін мектебі» Жаңа жылдық мерекелік іс –шараны  25-ші желтоқсаннан  бастады.

25-28 желтоқсан аралығында мектебіміздің 1 қабатында 1-4 сыныптар аралығында ең үздік жаңа жылдық шырша, аяз ата, ақшақар, мерекелік құттықтау хат қабырға газеттерін ілуден әр түрлі  сайыстар өтті. 5-10 сынып оқушылары арасында мектептің 1 қабатын безендірді. Бұл сайыс арқылы оқушылар өз шығармашылығын, іскерлігін көрсетуі, ал жасаған жұмыстары өте жарқын, мазмұнды, әдемі безендірілген болуы тиіс еді. Жоғары сынып оқушылары мерекеде залдың және Жаңа жылдық шыршаның безендірілуіне жауапты болды.

Мерекені тамашалауға келген ата-аналар өз балаларын қолдап, көтеріңкі көңілмен түрлі сайыстарға қатысты. Аяз ата мен ақшақар барлығына тәтті таратып, шыршаны айнала әндер айтты. 

        Жаңа жылдық шыршалар кесте бойынша өтті: 25 желтоқсан күні таңертенгі сағат 10 нан бастап 0-4 сынып оқушылары мен шағын орталық тәрбиеленушілеріне арналған «Төрле, төрле, Жаңа жыл!», орыс  сыныптарында «Новогдние приключения Жоры и Тошки» және де бастауыш 1-4сыныптар аралығында «Хош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгіліктері өтті. Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, жаңа жылда татулыққа, бірлікке достыққа шақыру. Мерекеге жауапты жауапты мұғалім: бастауыш сынып мұғалімдері. 26 күні 5-6 сынып оқушыларының арасында «Төрлет, Жаңа жыл», 27 күні 7-8 сыныптар аралығында «Төрлет, құтты Жаңа жыл!» атты мерекелік шара өткізілді. Мақсаты балаларды ұйымшылдыққа, бірлесе жұмыс істеуге және өнерге баулуға үйрету. 28 күні 9-11 сынып оқушылары арасында жаңа жылдық карнавал өтті. Бұл салтанатты шараға арнайы қонақ болып, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Серіков пен аудандық білім бөлімінің басшысы Тілеш Әштаев қатысты. «Алтын Арай» бишілер тобы  салтанатты шараны өздерінің әсем билерімен бастады. Шараға жиналған қауымды Бауыржан Қуандықұлы құттықтау тілегін айтып, оқушыларға шығармашылық табыс тілеп, жылы лебізін білдірді. Мерекелік шара  жоғары деңгейде өтті деуге болады. Көптеген өлеңдер айтылып, би биленді, күлкіге толы әр түрлі ойындар мен сайыстар өткізілді. Жоғары сынып оқушылары мерекелік кеште өз өнерлерін өте жақсы көрсетіп, қызықты ойындар ойнатылды. Оқушылар өздерін жаңа қырынан көрсете білді. Оқушылар арасында сайыстар өткізілді.

  Жыл сайын Жаңа жылдық мереке қарсаңында сынып жетекшілер оқушыларды Жаңа жылдық мерекенің өтуі кезіндегі сақтайтын қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Мектеп әкімшілігінің атынан Жаңа жылдық мерекелерде көмек көрсетіп, белсенді ат салысқандары үшін барлық оқушыларға, ұстаздарға алғыс айтамыз!