Ашық сабақ өту барысында «Жасанды интеллект»
" Е.Шаханов атындағы тірек мектебі (РО)" КММ-нің жоспарына сәйкес 05 желтоқсан күні тарих пәні бойынша Қыдырбайқызы Әзиза 6 «Ә» сыныбында « Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі» тақырыбында қызықты сабақ өткізілді. Сабақтың құрылымы бағдарлама талаптарына сәйкес жасалынған. Сабақ кезеңдері бір-бірімен байланыстырылған. Оқушыларды зерделендіре түсетін тапсырмалар толығымен болды. Ашық сабақ өту барысында «Жасанды интеллект» әдісін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа қатысуын арттыра түсті.
Оқушылар осы өткізілген ашық сабақта тақырып бойынша білімдерін өзектендіре алды. Тарих сабағында оқушыларды жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдылайтын, оқушылардың қызығушылығын арттыратын тиімді әдіс- тәсілдер қолданылды. Оқушылар ашық сабақтан құнды мәліметтер жинақтап, ойларын ашық айта алды. Ашық сабақ барысында барлық оқушы сабаққа белсенді қатысты.