Размер шрифта:
↑Наверх
п. Атасу, ул. Абая, 37
2-81-08, 2-92-14
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 457
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 718
Смотреть результат
Статистика посещений
Тәуелсіз деп соғады жүрегіміз
24-12-2018 15:29
Тәуелсіз деп соғады жүрегіміз

Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір отбасынан рулы ел тарап халық қашанда еңсесін көтеріп, ел болып дамитын. Ата- бабамыз осындай ұланғайыр жерді ақ найзасының ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан- ұрпаққа мұра етті. Дархан далаға назарын салғандар да, үлесін алғандар да найзасын безеп шабынғандар да, таңдай қағып табынғандар да болды. Азулылар айқаса кетіп айлалылар арманына жетіп, еліміз бодандық бұғауына тұншықты. Еркіндік елеске азаттық келмеске кетті.

       Тəуелсіз Қазақстан деген құдіретті сөздің астарында ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы, абыздарымыздың айбынды үні, азаттық жолында шейіт болған талай буын боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр,

         Даламыздай кең де, сабырлы халқымыз тағдыр талайында өзіндік қасиетін жоғалтпай, батыл қадам нәтижесінде азаттыққа қол жеткізгені тарихи шындық.Ата-бабадан қалған ұлан-ғайыр жерді игеріп, дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтап, өзгеге көңіліміз ашық, дастарханы мол, қолы жомарт ел ретінде дамып келе жатқанымызға да 27 жылдың жүзі болды. Арада өткен жылдар белесі бүгінгі Қазақстанның әлемдік аренадан өз орнын ойып алған. Азия мен Еуропаны мойындата білген өжет те өр елдің мекеніне айналды.

   «Бірлік болмай, тірлік болмас» дегендей Қазақстан Еуропа елдерімен терезесі тең ел болып, нық қадам жасаған 27 жыл татулық туын биік көтеру арқылы жетістіктерге қол жеткізіп отыр.

     Тәуелсіздік күні қарсаңында біздің мектепте Қазақстан Республикасы, оның символдары мен дәстүрлері туралы балалардың білімдерін кеңейту мен тереңдету мақсатында іс-шаралар өтті.

     Мектеп мерекелік шараға сай жарқын безендірілді. 5-11 сынып аралықтарында «Тәуелсіз тұғыры биік болғай» сапқа тұру шеруі өтті. Шерудің оқушылардың білімін тереңдету, өз елінің алдында азаматтық борыш, азаматтық жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру, Отандық мүдделерге қызмет ету қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыру, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту іс-шараның негізгі мақсаттары болып табылады. Және де 16желтоқсан - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне әр бір сыныптарда  сынып сағаттары болды. 3-4 ші  сынып аралығында «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын»  атты суреттер байқауы өтті. Сурет байқауының мақсаты оқушыларды қолөнерін дамытып, еңбекке баулу. 5-10 сыныптарда «Желтоқсан жаңғырығы Тәуелсіздік!» қабырға газеті ілінді. Оқушылырдың шығармашылығы мен ізденістерін арттыру. 8-9 сыныптарда «Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұрағаттарына қол жеткізді» атты шығарма (эссе) жазу сайысы болды. Шығарманы ұйымдастырудағы басты мақсаты балалардың ой өрісін дамыту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру болып табылады. 5 Б сыныпта «Біздің Отанымыздың белгілі ұлдары» атты ашық сынып сағаттары өтті. Және де «Жеңісім саған, Қазақстан!»  спорт, сайысы  ата-аналар арасында өтті. Ұйымдастырудағы басты мақсатымыз: ата-аналардың мектеппен қарым-қатынасын нығайту. Мектепте  өткізілетін әртүрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру болып табылады. Сонымен қатар  «Өрле, Қазақстан!» Жасұлан ұйымы ауызша журналы шықты.  3 В сыныбында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты ашық сынып сағаты өтті. 5А-7Б сыныптарында «Желтоқсан жұлдыздары» «Шаңырақ қауымдастығы» ашық іс-шара өткізілді. Іс-шара мақсаты оқушыларды отанға деген құрметін нығайту және де өнерлерге баулу. 7Ә,8Ә сыныптарында «Желтоқсан алауы-тәуелсіздік бастауы» атты ашық іс-шара өткізілді. 2-4 сыныптар «Тәуелсіздік- ел тілегі!» патриоттық хор жарысы өтті. Мектеп  оқушыларын патриоттық әндерді айтқызу, тыңдату арқылы Отанын, туған жерін, туған елін құрметтеуге тәрбиелеу. 8-10 сынып аралығында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Іс-шара мақсаты оқушыларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін сүюге, тарихын білуге, қастерлеуг үйрету, оқушылардың сөздік қорын, қиялын, мәнерлеп оқу дағдысын дамытып, өз ана тілін бойына сіңіру, шыншылдыққа үйрету. Және де 9Ә сыныбында  «Егеменді елімнің тұғыры» ашық сынып сағаты өткізілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралардың барлығы құрылған жоспарға сәйкес өтті.