Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Елбасы күні –елдікке құрмет мерекесі»
01-12-2018 16:15

      Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал Қазақ халық біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Қазақстан - өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен.

      Қазақ елі тәуелсіз болса деген арман ұшқын шашса, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қазақ елінің  тұтқасын ұстап, туын көтерген тұрлаулы да тұғырлы тұлғасы – тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Ұлы даланың тағдыр-тарихын барлық дем тынысымен түсініп, елінің ендігі тарихын сол ұлылар рухында одан әрі жаңғырта, жасарта алып кететін ер, көзсіз батыр, тап-таза ар - намыстан жаралған қайтпас-қайсар қайраткер, елін басқарып, қос батырдың ісін істей алатындай ерекше тұлғаны тап басып таңдап, тағдырын қолына бергенінде жаза басып жаңылған жоқ еді.

   1-желтоқсанға қарсы мектебімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс–шаралар өткізіліп,онда барлық сыныптар аралығында «Елбасы күні –елдікке құрмет мерекесі» - атты сынып сағаттары мен  іс-шаралар  өтті. « Президент- тұрақтылық пен өркендеудің кепілі» атты мектеп кітапханасында Елбасы туралы  кітаптар көрмесі өтті.  «Қазақ  әндерінің кеші » патриоттық ән кеші өтті.  

          Мектеп  оқушыларын патриоттық әндерді айтқызу, тыңдату арқылы Отанын, туған жерін, туған елін құрметтеуге тәрбиелеу және де Елбасы күніне  және  тәуелсіздік мерекесіне орай мектебіміздің талантты жастарын анықтау. «Мәнерлеп оқу» орыс тілі , ағылшын тілі бірлестігі, Елбасы туралы өлен жолдар мен мәнерлер оқу  бастауыш сынып  бірлестігі ұйымдастыруымен өтті.. Жас бүлдіршіндедің бойына  Елбасымызға , отанға деген құрметтерін нығайту. «Бір шаңырақ астында» атты технология бірлестігі ұйымдастыруымен сурет сайысы мен қол өнер көрмесі өтті. Оқушыларды өнерге баулытып, қол өнерін дамыту. Сонымен қатар тарих пәнінің бірлесті «Тұңғыш президент: 20 табысты жыл» - дөңгелек үстел, «Болашақты болжаған кемел еңбек» атты пікірталас ұйымдастырылды. Бұл іс-шараларда оқушыларға Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі, балалық шағы жайлы қызықты әңгімелер айтылды. Елбасының өмірге келуі де бір есте қаларлық оқиға болғаны , анасының түс көруі, «Нұрсұлтан» деп ат қойылуы жайлы айтылған деректерді оқушылар бар ынталарымен тыңдады. Елбасының Қаскелеңге тиіп тұрған Алматыға оқуға түспей, Арқадағы Қарағанды облысының Теміртау қаласында жұмыс істеп, әрі оқуы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғырлығын , еңбекқорлығы жайында айтылды. Және де география, химия,биология  бірлестіктері «Кім көп біледі?» викторинасын  өткізді. Дене шынықтыру бірлестігі Мұғалімдер мен оқушылар арасында "Баскетбол" ойынынан жарыстар  өткізді. «Елбасының қызметтік өрлеуі» атты  жиында баяндама оқылды. 27-жылдың ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында еліміз көптеген жетістіктерге жетіп, басқа шет мемлекеттердің арасында танымал бола бастағаны мен еңбек жолы баяндалды .

  Н.Назарбаев – әлем мойындаған, жаһанға атағы жеткен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған бүгінгі заманның көшбасшысы; тумысынан кие дарыған қайраткер; табанды күрескер; гуманист, туған халқының Бәйтерегі, Көсемі, Кемеңгері.  Елінің аманатын арқалаған тірегі, алтын діңгегі.