«Он сұрақ»
«Е. Шаханов атындағы тірек мектебі (РО)» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімдері : Бустекова Ф.И, Букенова Қ.Қ, Дикоп К.И, Баймурзина Г.М. «Ментальді эмоция оқу-тәрбие процесінде» тақырыбында семинар-тренингтін жоғарғы деңгейде өткізді. Әр жауапты мұғалім өз жұмысын асқан шеберлікпен ,әрі жаңашыл әдіс-тәсілдер қолдана отырып көрсете алды. Жұмыс өте тартымды өтті. «Он сұрақ» әдісі семинарды қорытындылау түрінде алынып, кері байланысқа өте қызықты «Эмоция кемпірқосағы» ұсынылды.Жаңашыл форматта өткен бұл іс-шара өте мазмұнды , қызықты, креативті деп айтуға әбден болады. Семинарға қатысқан жас мамандарға үлгі болған шебер ұстаздардың жұмыстарына әріптестері жоғарғы баға беріп, алғыстарын білдірді.