Ұстаздар мерекесі құтты болсын!

Е.Шаханов атындағы тірек мектебінің ұстаздары мен оқушылары жоспарға сәйкес Халықаралық қарттар күнін атап өтті. Мектебіміздің ардагер ұстаздарының үйіне барып, мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Ата-апаларымыз оқушылар мен ұстаздарға алғысын жаудырып, ақ батасын берді.