1. Тегі, аты, әкесінің аты : Мияшева Айман Мияшевна
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
«Еламан Шаханов атындағы тірек мектебі (РО)» КММ
3. БСН: 970640002781
4. Жынысы: әйел
5. Туған жылы және туған жері : 01 қыркүйек, 1966 жыл Қарағанды облысы,
Жаңаарқа ауданы
6. Білімі: Жоғары
7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: -
8. Мекен-жайы : Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Бала-Бақсы 114
9. Жалпы жұмыс өтілі : 34 жыл
10. Саладағы жұмыс өтілі: 34 жыл
11. Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 34 жыл
12. Марапатталушының нақты негізгі еңбегін көрсететін мінездемесі:
Айман Мияшевна «Бименде Амалбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі базасындағы тірек мектебі (РО)» КММ-де 1989 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, 2009 жылдан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып, 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап «Еламан Шаханов атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ-не директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Алғаш еңбек жолын бастаған күннен бері әр сабағына жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты дайындалу ұстаз үшін бұлжымас ереже. Осы уақыт аралығында өзін білікті маман, мықты тәрбиеші ретінде көрсете білді. Оқу-тәрбие жұмысы кезінде өзін тек жақсы жағынан көрсете білді. Өте талапшыл, сабақтарын жақсы деңгейде өткізеді.
Мектеп басшысы ретінде Айман Мияшевна үнемі білімін жетілдіріп отырады, атап айтсақ: 2017 жылы Қарағанды қаласында Педагогикалық шеберлік орталығының филиалында «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшылары орынбасарларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курстан өтті.
- 2016 жылы Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдық мерей тойына байланысты «Алаш мұраты және тәуелсіз Қазақстан» конференциясына қатысып, республикалық жинаққа Ә.Бөкейханұлы туралы мақаласы жарияланды.
Қарағанды облысының білім басқармасының білім беру саласын дамытуға қосқан мол үлесі мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, біліктілік танытқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды, 2018ж
Орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиетін оқыту барысында да тың ізденістермен тынымсыз жұмыс жасайды. Соның нәтижесі, еңбегінің жемісі – оқушылары аудандық, облыстық, республикалық олимпиада, сайыстарда жүлделі орындарда көрініп жүр.
Ұстаз еңбегінің жемісі- шәкірті десек, соның айғағы ретінде Айман дәріс беретін
2005 оқу жылында 11 А сынып оқушысы Лысенко Руслан облыстық олимпиадасында орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша жүлделі І орын алып, І – дәрежелі дипломға ие болды
2005 оқу жылында 11 А сынып оқушысы Лысенко Руслан Талдықорған қаласында республикалық олимпиадасында орыс сыныптарындағы қазақ тілінен жүлделі орынға ие болды.
2007 оқу жылында 10 А сынып оқушысы Бурштейн Юлия облыстық олимпиадасында орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша жүлделі ІІ орын алып, ІІ – дәрежелі дипломға ие болды және Көкшетау қаласына республикалық
олимпиадаға жолдама алды. 2007, 2008 оқу жылында 11 «А» сынып оқушылары Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің қорытындысы бойынша екі жыл қатарынан қазақ тілінен білім сапасы 100 % құрады.
2008 оқу жылында мемлекеттік тілді жеделдете оқытудың І облыстық медиа – сабақтар фестивалінен аудан мектептері арасында І орынға ие болдым және І облыстық медиа – сабақтар фестивалінің диск -жинақтамасына «Қазақстанның белгілі өнер қайраткерлері, сазгерлер, әншілер, спортшылар, Жаңаарқа өңірінің тарихи тұлғалары» - атты сабағы жинаққа енді.
2009 оқу жылында 9 «В» сынып оқушысы Кемерова Кристина Аудандық олимпиадасында орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша жүлделі І орын алып, І – дәрежелі дипломға ие болды.
2011 оқу жылында 5 «В» сынып оқушысы Кифель Дмитрий үш тілдік «Лингвист – 2011» облыстық олимпиадасына қазақ тілі пәні бойынша жүлделі ІІІ орын алып, ІІІ– дәрежелі дипломға ие болды.
10 сынып оқушысы Кифель Дмитрий 2016-2017 оқу жылында облыстық пәнаралық олимпиадасынан ІІІ орынға ие болса, 2017-2018 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәнінен 11 сынып оқушысы Кифель Дмитрий тағы да ІІІ орынды иеленді және аудандық пәнаралық олимпиадада 8 сынып оқушысы Василенкова Анастасия І орынға ие болды.
2019-2020 оқу жылында республикалық «Дарын» олимпиадасынан 6 сынып оқушысы Ванькова Снежана І орынға ие болды.
2020-2021 оқу жылында Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті ҚР ОҚ ШҒА оқушылар сарайы гуманитарлық бағыттағы зерттеу, жобалау және шығармашылық жұмыстарының Республикалық байқауында жеңіске жеткен үшін 10 сынып оқушысы Грудинина Ксения ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және оқушы дайындағаны үшін Дипломмен марапатталдым.
2020-2021 оқу жылы Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі білім беру атты Ө.А. Байқоңыров атындағы республикалық ғылыми - практикалық конференциясының материалдарына «Көптілділік зияткерлік пен көпмәдениеттіліктің қайнар көзі» баяндамам шықты.
2021-2022 оқу жылы «Үштілділік-заман талабы» атты «Көкжиек» республикалық ғылыми-әдістемелік бағдарлама (үш тілде) авторлық бағдарламам шықты.
«Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары» атты
мастер- класс іс-тәжірибесі пән бірлестіктеріне таратылды.
Астана қаласының 20 жылдық мерей-тойына орай өткен «Директордың үздік орынбасары-2018» атты республикалық байқауының материалдар жинағына «Ұлттық білім беруді жаңғыртудағы ұстаздар ролі» атты баяндамасы үздік деп жарияланып, І дәрежелі дипломмен және «Директордың үздік орынбасары-2018» атты төсбелгісімен марапатталды.
Айман Мияшевна - әріптестерінің, ата-аналарының, оқушыларының арасында сыйлы, құрметті, еңбекқор ұстаз. Өзіне тапсырылған әрбір жұмысты тыңғылықты атқарады. Ұстаздың жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегінен әлі де талай толағай табыстарға жететініне сеніміміз мол.
«Е.Шаханов атындағы тірек мектебі (РО)» КММ-нің
2023 жылдың «30» мамыр хаттама № 6 педагогикалық кеңесте кандидатура талқыланды және облыстық білім басқармасының «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» марапатына ұсынылады.
Аудандық білім бөлімі басшысы М.Е.Балабаева