"Жас өлкетанушы"
Ауданымызда 17 мамыр күні Оқушылар үйінде "Менің Отаным- Қазақстан" тақырыбында туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің аудандық кезеңі өтілді. Байқауға 15 білім беру ұйымының 106 оқушысы қатысты. Слет қорытындысы бойыншы мектебіміздің командасы жүлделі III орын иеленді. "Визиттік карточкасы" I орын, "Жас өлкетанушы" бағыты III орын, "Туристік әндер" бағыттары бойынша III орын иеленді. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Сейдахова Нұршат Капаровна. Марапаттарыңыз құтты болсын!