Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
"Жас құтқарушылар" сайысы
20-10-2017 09:58

  Құтқарушылар күніне орай білім беру ұйымдарында төтенше жағдайлар кезінде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық «Жас құтқарушылар» сайысы өтті. Жарысты аудандық төтенше жағдайлар қызметі мен өртке қарсы күрес мекемесі ұйымдастырды. «Жас құтқарушылар» тобының жұмыстарын жандандыру мақсатында ұйымдастырылған бұл сайысқа аудандағы бес мектептің командалары қатысты.

  Жарыс оқушыларды төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дағдыларына үйретуді, өзгелердің қауіпсіздігіне деген жауапкершілікті арттыруды, сондай-ақ, олардың «Өрт сөндіруші» және «Құтқарушы» мамандықтарына кәсіби бағытталуын нығайтуды мақсат етті.

 Сайысты аудандық өрт сөндіру бөлімінің басшысы Аян Сүлейменов ашып, ойынның өту тәртібімен таныстырды.

- Бүгінгі таңда жас құтқарушылар тек дене тәрбиесі жағынан жаттығып қоймайды, сонымен қатар, моральды-психологиялық дайындықтан өтіп, өздерін кез-келген төтенше жағдайға дайын тұлға ретінде қалыптастырады. Жарыстың тапсырмалары өмірде шынайы болатын оқиғаларға тән жағдайда өтеді. Бұл сайыста алынған білім әр түрлі қиын жағдайларда балалардың өз өмірлерін аман сақтап қалуларына көмектеседі деген сенімдеміз. Келекшекте мамандықтарын таңдап, болашағын осы кәсіптермен байланыстыруға ықпал ететін мұндай шаралар біз үшін өте маңызды. Сондықтан алдағы уақытта да міндетті түрде жас құтқарушылардың қозғалысын дамыту керек, - деді өрт сөндіру бөлімінің басшысы Аян Серікбайұлы.

 Қатысушылар  «Үгіт-насихат бригадасы», «Дабыл бойынша жиналу», «Жауынгерлік қанат жаю», «Іздеу-құтқару жұмыстары», «Арқан тартыс» секілді кезеңдерден күш сынасты. Іс-шара барысында барлық командалар төтенше жағдай кезіндегі теориялық білімі мен практикалық біліктіліктерін оң жағынан таныта білді.

     Шығарылған қорытындыға сәйкес, жалпыкомандалық есепте жүлделі І орынды 132 ЖОББ мектебінің командасы жеңіп алып, оларға «Жас құтқарушылар» олимпиадасының арнайы Кубогы табысталды. Айта кету керек, мақтанғаным емес, өмірдің кез-келген келеңсіз оқиғасынан аман шығуға, қиындыққа дайын болуға даярлайтын аталмыш сайыста сегіз жыл қатарынан жүлделі орынды қолдан бермей, мектебіміздің абыройын асқақтатып келе жатқан жетекшісі Өміртаев Еркебұлан Ыдығанұлының жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегі аса зор.

         Нұргүл Шамаева