Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Мың бала»
15-03-2023 12:07
«Мың бала»
Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына тіркелу ашылды. Биылғы олимпиадаға қатысу үшін өтінімдер 1 наурыз бен 30 наурыз аралығында қабылданады. Оған тіркелу 1000bala.elumiti.kz сайтында қолжетімді. Олимпиадаға соңғы екі оқу жыл ішінде Қазақстанның ауыл мектептерінде білім алып жатқан 6-сынып оқушылары қатыса алады. «Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. I кезең 2023 жылдың сәуір айының 3-ші мен 7-сі аралығында өтеді. Тестілеу онлайн-форматта өткізіледі. II кезең 2023 жылғы сәуір айының 26 мен 28 аралығында өңірлік тестілеу орталықтарында күндізгі форматта өтеді. Қатысушылар II кезеңде математикалық сауаттылық, қазақ тілі (қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін), орыс тілі (орыс тілінде оқитын оқушылар үшін), ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін бағалауға бағытталған компьютерлік тестілеуден өту қажет.«Мың бала» ұлттық олимпиадасы ауылдық жерлерде оқитын 6-сыныптың ең қабілетті 1000 оқушысын анықтап, оларға еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: Республикалық физика-математика мектептерінде, «Білім-Инновация» лицейлерінде, «Дарын» мамандандырылған мектептерінде білім алуға мүмкіндік береді. Олимпиаданың бес мың финалисі Birge oqý онлайн-мектебінде тегін оқи алады. 
Бұл олимпиаданың ауыл оқушыларына сапалы білім алуға мүмкіндік беретін бірегейлігін ерекше айта кету керек.