Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 721
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Сарқылмас сиқырлы-ана тілім»
05-03-2023 23:07
«Сарқылмас сиқырлы-ана тілім»

        2023  жылдың ақпан  айының  27 мен 3-ші наурызаралығында мектебімізде «Сарқылмас сиқырлы-ана тілім» атты қазақ тілімен әдебиетіапталығыөтті. Апталықтың ашылусалтанатыжоғары сынып және бастауышсыныпоқушыларыныңқазақтілініңдаму тарихынашолуынанбасталып,  мұғалімдеріміздіңтамашаұлттық рух беретін салтанатты жиынмен ашылды. Қыстың соңғы айы мен көктемнің алғашқы күндерімен тұспа-тұс келген шара керемет бір көрініс пен ән-шашумен, түрлі ұлттық ойындармен ашылды. Апталықты мектеп директоры С.А.Байшокенова сөз сөйлеп ізгі тілегін білдіріп, ашылу лентасын қиды.

     Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болады.  Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі тәрбиелік жұмыстармен  ұштасады. Сол себепті биылғы оқу жылында апталықта бірнеше сыныптан тыс іс-шаралар жоспарланды.   Барлық өткізілген іс-шараларға оқушылар жауапкершілікпен белсенді түрде  қатысты.

      8 –11 сынып оқушыларының арасында  «Ұлттық құндылықтар» атты сабақтар арасындағы үзілісте іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, ұлттық ойынды дәріптеуде  арқан тартыс және асық ойыны ойнатылды. Сәрсенбі күні қазақ әндерін насихаттауда «Әнді сүйсең менше сүй» байқауы ұйымдастырылды. Бейсенбі күні ұлттық нақыштағы киім үлгісінөтті.

      Апталықтың бірінші күні яғни 27.02 күні М.Б.Текебаева 9 сыныптар арасында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты зияткерлік сайыс өткізді. Осы күні Ә.С.Көшкінбаева «Ана-жер-Ана повесі» үзіндісінен 6-шы орыс сыныбына ашық сабақ өткізді. Сабақ өз деңгейінде өтті. Түрлі әдіс-тәсілдермен,  заманауи платформалармен өткізілді.

     28.02 күні П.С.Кошкумбаева 8-сыныпқа «Аққулар ұйықтағанда поэмасы кейіпкерлері» атты ашық сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу. Сабақ мақсатқа сай, өз дәрежесінде өтті. Жаңа үлгідегі түрлі әдіс-тәсілдермен және бірнеше платформалармен өтті. Дәл осы күні А.А.Жаркееваның  4 –ші бастауыш орыс сыныбына «Жәндіктердің айтысы» атты  ашық сабағы өтті. Оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысты. Түрлі ойындармен және қызықты әдіс-тәсілдермен сабағын өз деңгейінде ұйымдастырды.

    01.02 күні Е.Д.Дүйсенбаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы тақырыбында 8-сыныпқа ашық сабақ өткізді. Сабақ өте тартымды, түрлі ойындармен, жаңаша тәсілдермен өткізілді.Осы күні Н.Н.Шамаева 5 «А»- сыныбына «Әке-балаға сыншы» атты ашық сабағын өткізді. Сабақ өте қызықты өтті. Әр түрлі танымдық әдістермен ұйымдастырылды. Сабақ «Алғыс айту» күнімен тұспа-тұс келгендіктен арты тәрбиелік шарамен жалғасын тапты. Тосын сый ретінде сабақ соңында оқушылардың ата-аналары шақырылып, көңілді кешпен жалғасын тапты.Сондай-ақ осы күні Т.Б.Асанова 7-сыныпқа «Тәмпіш қара» повесінен кейіпкерлер бейнесі атты ашық сабағын өткізді. Сабақ оқу мақсатына сай, өз деңгейінде өтті. Түрлі платформалар мен заманауи әдістермен ұйымдастырылды.

       2.02 күні М.А.Мияшева, А.К.Суюндикова «Бабалар сөзі-ұрпаққа үлгі» тақырыбында 8-ші орыс сыныбына тәрбие сағатын өткізді.  Оқушылар қазақ тілінде еркін сөйлеп,іс- шарада белсенділік танытты. Тәрбие сағаты өте жоғары деңгейде өтті. Дәл осы күні М. Б. Текебаева 4- ші орыс сыныбына қазақ тілі пәнінен «Каспий теңізі» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабағы қызықты әрі тартымды өтті. Оқушылар өте белсенді жұмыс жасады. Сабағында әр түрлі әдістерді қолданды. Дәл осы күні К.С. Рахтаеваның 6-шы орыс сыныбына Нәтиже сабақ «Мен не үйрендім?». Сабақ түрлі қызықты әдістермен, түрлі заманауи  платформалармен өтті.

      3.03 күні апталықты соңғы күні түрлі шаралармен жалғасын тапты.  Атап айтсақ,  Е. Дүйсенбаев «Түпсана» ұстаздар арасындағы зияткерлік сайысын ұйымдастырды. Сайыс мақсаты:  ұстаздар бойына патриоттық рух пен құндылықтарды баулу.  Сайысқа барлық пән ұстаздары қатысты. Сайыс өте қызықты, жоғары деңгейде өтті. Жеңіске жеткен ұстаздар мараппаталды.

      Апталықтың соңғы нүктесін Н.Н.Шамаева «Ш.Мұртаза өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақтың айналдым ғой намысынан » атты әдеби кешін өткізді.  Іс-шарада жазушы шығармашылық ирімдері кеңінен насихатталды.