Жаңартылған білім беру бағдарламасы қазіргі таңдағы білім беру үдерісіндегі мұғалімнің шеберлігін шыңдап, жаңашылдыққа үйренуге және тиімді әдіс-тәсілдерді басшылыққа алып, тұлғалық жетілуіне зор ықпалын тигізеді. Аталмыш бағдарламаның бүкіл Қазақстан аумағындағы мектептерге пилоттық проект ретінде енгізілгеніне биыл екінші жыл. Осы екі жылда ауданымыздың білім беру жүйесінде қандай бағытта жұмыс жасалып жатқанын бақылап , әдістемелік десант өткізуге , «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚБА институтының тренерлері КушнирМ.П., Қалмағанбетова Н.Т., Майбасова У.А. келген болатын. Ауданымыздың оқушы саны мен мұғалімдер саны жағынан ең ауқымды мектеп болып саналатын, биыл қаланғанына 80жыл толып отырған іргелі мектептеріміздің бірі №132 жалпы орта білім беретін мектепке келген әдіскер –тренерлер 1-2 сыныптарда жаңартылған бағдарламаны меңгеруін бақылау жұмысын атқарды. Осы жұмыс барысында аталмыш мектептің 2-сынып мұғалімі Мұстафина Жаңагүл Картаевна математика пәнінен асқан шеберлікпен сабақ көрсетті. Сабақ өте жоғары деңгейде өтіп, сабаққа қатысқан әдіскер- тренерлер мен ауданымыздың бастауыш сынып мұғалімдерінің тарапынан мақтауға ие болды. Осы мектептің орыс тілінде оқытылатын 2-сыныбының мұғалімі Ермакова Фания Мансуровна көсеткен сабақ та өте тартымды өтті.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Жан-жақты, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді.
Бастауыш сынып мұғалімі Баймурзина Гүлдана