Біздің мектептегі өзін-өзі басқару күні
6 қазан күні мектепте өзін-өзі басқару күні өтті. Осы күні мектепте сабақтарды дублер-мұғалімдер өткізді. Мұғалімдердің басты міндеті - сабақтарды өткізу, сабақ барысындағы тәртіп, сабақ өткізуге деген дайындық болып табылады. Мұғалім-дублерлердің негізгі міндеттерінің орындалуын мектеп әкімшілігінің міндетін атқарып жүрген жоғары сынып оқушылары қадағалады.
Олар өз сабақтарын өте қызықты және әдістемелік жағынан дұрыс, жоғары деңгейде өткізді. Өзін-өзі басқару күніне қатысқан барлық оқушылар өздеріне жағымды әсер және болашақ өмірде өздеріне біліктілік жинап, мұғалімнің, мектеп әкімшілігінің жұмысын түсінді.