"Мен жастарға сенемін"
Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде еліміздің ертеңі дарынды оқушыларды Балалар жылы аясында өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастыру, ел ертеңі дарынды оқушылардың ғылым мен білімге деген ынтасын ояту мақсатында "Мен жастарға сенемін" атты аудандық жетістіктер форумы өтілді. Форумға ғылым мен білім, өнер мен спортта жүзден жүйрік атанып, облыстық, республикалық, халықаралық дәрежеде жетістікке жеткен ауданымыздың білім беру ұйымдарында білім алып жатқан дарынды оқушылар қатысты. Форумға қатысушы әрбір оқушы Алғыс хатпен марапатталды.
Үлкен жетістің бірі
Е.Шаханов атындағы тірек мектебі "Үздік мектеп" атауын иеленді.