Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Тіл мерекесі-ел мерекесі
08-09-2018 10:00
Тіл мерекесі-ел мерекесі

   №132 Жалпы білім беретін орта мектебінде жаңа оқу жылының  алғашқы аптасы  03-08  қыркүйек  аралығында  «Тіл мерекесі-ел мерекесі»   тақырыбында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесін әр түрлі іс-шаралармен атап өтті.  Дүйсенбі күні  апталықтың ашылуы салтанатында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы  және  шығармаларынан үзінділер жатқа оқылып, Тіл мерекесі туралы таныстырылды.

  4 қыркүйеккүні 7 қазақ сыныптары арасында «Латын әліпбиі дегеніміз» тақырыбында  дөңгелек үстел басында пікірлесу өтті. Пікірталасты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.И.Достаева ұйымдастырды. Оқушылар Ахмет салған сара жол туралы түсініп, өзіндік ой қорытты.

5 қыркүйек күні  ағылшын тілі  мұғалімдері:  Ж.Умирбекова, Г.Шотанова, Ж.Оразбаева  ағылшын тілінде 5-11 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Тілдер мерекесі аясында ағылшын  тілінде Ахмет Байтұрсыновтың шығармалыры насихатталды.

6 қыркүйеккүні  ағылшын пәні мұғалімдері  С.Иксанова, Ш.Жәкен, Б.Мұратбекова    5-8 сыныптар арасында  «We are  leaders  - Біз көшбасшымыз» тақырыбында  үш тілді жарыс ұймдастырды, сайыс  өте қызықты, оқушылар үшін білімін жарыса дәлелдеген  іс-шара болды.

7 қыркүйек күні  бастауыш сыныптар арасында  «А.Байтұрсынов-тіл білімінің атасы» тақырыбында  өткен концерттік бағдарламада  Ұлт ұстазының шығармаларынан жатқа оқу, ән айту, тетрландырылған көріністер көрсетілді.

 8 қыркүйек күні  орыс тілі пәні мұғалімі  Г.К.Бабасова   8 қазақ сыныптары арасында орыс тілінде «Родной язык-он дорог мне, он мой»  мәнерлеп оқу сайысын өткізіп, үздіктер марапатталды.

  Апталықтың соңын қазақ тілі пәні мұғалімі А.Сүйіндікова 9-сынып оқушыларымен «Ұлт ұстазы»  атты  әдеби танымдық кешпен жапты.