Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
21-ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ
08-09-2018 10:00
21-ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ

8-9 қыркүйек 2018 жылы №132 ЖОББ мектебінде «21-ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты республикалық ата-аналар конференциясы өтті. 8 қыркүйекте 1 сынып оқушыларының ата-аналарына және 9 қыркүйекте 10-11 сынып оқушыларына ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек.

Бұл Конференцияда 220-дан астам ата-ана, мектеп директоры, педагог-психологтар, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер қатысты.  

Бұл мектептің оқушылардың отасыларымен жұмысының инновациялық формасы.

Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт көшбасшысы өз сөздерінде қазақстандық өскелең ұрпақтардың жағымды жасампаз дүниетанымы қалыптасқан, берік адамгершілік қағидаларды ұстанатын, жауапкершілік сезімі бар, саналы таңдау жасай алатын және Отанымыздың игілігіне бағытталған дербес шешімдер қабылдай алатын жан-жақты тұлғалар болып тәрбиеленуі тиіс екенін айтудан жалыққан емес.

Мектеп директоры Балабаева М.Е. өз сөзінде «Барлығымыз, біз де, педагогикалық ұжым да біздің балаларымыз үшін мектеп үйінің жайлы болуына, сыныптастарымен достық пейілге толуына, оқудағы белсенділікке, Отанымызға және оның табиғи байлықтарына махаббат, патриотизм қалыптастыру бойынша қызықты іс-шараларға толы болуына бірдей мүдделіміз. Балаларымыздың ақпараттық қауіпсіздік жағдайында оқығанын, берік отбасы, еңбекқорлық, өзі үшін, өз жақындары және өз Отаны үшін жауапкершілік секілді рухани құндылықтарды меңгергенін қалаймыз. Педагогтар, психологтар, мектеп әкімшілігінің бүкіл ұжымы сіздермен, біздің оқушыларымыздың ата-аналарымен тығыз ынтымақтастыққа дайын.  Бәріміз жақсы түсінеміз: еліміздің болашақта қандай болмағы, балаларымызға нені үйрететінімізге және оларды қалай тәрбиелейтінімізге тікелей байланысты» - айтып өтті.  Бұл конференцияның ата-ана ретіндегі шеберліктерін шыңдауға және мектеппен, педагогтармен, психологтармен, мектеп басшыларымен өзара әрекет ету тиімділігін арттыруға көмектеседі деген сенімін білдірді.

Жиналыс спикерлері мектеп педагог-психологтары: Чередина И.В. мен Тусупова Л.Қ. болды. Бұл конференцияда әртүрлі сұрақтар, әр жас ерекшелігіне сай өзекті мәселелер қарастырылды. Олар: бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына мектепке бейімделу кезеңі бойынша психологиялық көмек, түлектердің ата-аналарына ҰБТ-ға дайындық кезінде психологиялық көмек, мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу. Мектепке діни атрибутика киюге тыйым салу, алдын алу шарасы ретінде, балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет, Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.

Конференцияда Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен дайындалған бейнематериалдар көрсетілді. Ата-аналарға балалар мен жасөспірімдер тәрбиесіндегі қолдау бойынша жадынамалар мен сауалнамалар берілді.