Бүгін біздің мектебімізде үлкен той, мереке. Сонау 1937 жылы іргетасы қаланған мектебіміз бүгінде 80 жасқа толып отыр. Осынау ғұмырында 80 рет алғашқы қоңырауы мен 80 рет соңғы қоңырауын соққан білім ошағы қаншама жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып келеді. Мектебімізден түлеп ұшқан түлектердің ішінде биіктің биігін, шыңның шыңын бағындырған, бірі хакім, бірі ғұлама болған шәкірттері қаншама. Осындай шәкірттерді тәрбиелеуде аянбай еңбек еткен ұлағатты ұстаздарымыздың еңбегі еш кетпейтініне сенімдіміз. Елге қызмет етсін деп қаншама түлекті баптадыңыздар. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде Сіздердің еңбектеріңіз зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Олай болса, қадірлі ұстаздар, Сіздерді мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Қара шаңырағымыздың байрағы асқақтап, ғұмыры ұзақ боп, тұғыры берік болсын.
Ыстық ықыласпен,
мектеп директоры Балабаева Махаббат Ермұханбетқызы