Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Арай»
04-10-2022 17:33
«Арай»
22 қыркүйек күні аудандық С.Сейфуллин атындағы кітапханашылары мен Е.Шаханов атындағы тірек мектебінің педагог-психологі Л.Қ.Тусупованың ұйымдастыруымен «Арай» ашық сырласу клубының жұмыс жоспарына сәйкес 10 сынып қыздарымен «Қыз өссе елдің көркі» атты дөңгелек үстел өткізді. 
Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой-өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.
Әңгімелесу барысында «қазақ қызы қандай болу керек?» - деген сұрақтан басталып, қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет ететіндігі туралы сөз қозғалды. Қыз баланы тәрбиелеу деген сөз - ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді.