« Сіз қанша тілдерді білесіз? »
Тілдер мерекесі аясында Ахмет Байтұрсынов 150 жыл мерей тойына арнап Е.Шаханов атындағы тірек мектебінде 5-7 сыныптар арасында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.М. Умирбекова
« Сіз қанша тілдерді білесіз? » атты зияткерлік сайысын өткізді. Зияткерлік сайысқа қатысқан оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны мен шығармашылық жұмыстарымен танысты.
Сайыс басында оқушылар әр ұлттың тілінде сәлемдесті, мақал-мәтелдердің жалғасын тапты, үш тілге аударды.Балалар достық және тіл туралы өлең жолдарын мәнерлеп оқыды. Нәтижесінде оқушылар «Тілдер мерекесіне арналған зияткерлік сайысқа » белсенділік танытып, жоғары ой-өрісін көрсетті.