Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Ұстаз - қасиетті тұлға
04-10-2017 05:33
Ұстаз - қасиетті тұлға

 

  Қазан айының 4 жұлдызында Ұстаздар мерекесіне орай 10 "А" сыныбының ұйымдастыруымен, сынып жетекшісі Гүлнария Амантайқызының басқаруымен "Ұстаз - қасиетті тұлға" атты іс-шара жоғары деңгейде өтті. 

  Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс жүргізе білуге машықтандыру және келешек өмірлерінде әр нәрсеге жауапкершілікпен қарауға, өздеріне білім беріп, әріп, жазу үйреткен ұстаздарына деген құрметтерін білдіруге, ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

 - Ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Өнегелі ұстаздан өрелі шәкірт шығатыны белгілі. Ел ертеңі – болашақ ұрпақтың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды азамат етіп қалыптастыруда Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз мол.

 Қадірлі ұстаздар, Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, - деп мектеп директоры Махаббат Ермуханбетқызы  ұстаздар қауымын құттықтап, бірқатар мұғалімдерге атап айтсақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Заманова Сапура Диханбайқызына, бастауыш сынып мұғалімдері Мельник Елена Сергеевнаға, Тамабекова Меруерт Накенқызына, Төлеуова Самал Амангелдіқызына Алғыс хат табыс етті.

 Оқушылар ұстаздарына арнап өлең оқып, би билеп, әдемі кеш сыйлады.