Елбасының Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасын орындау үшін мектеп жасындағы балаларды жаңа оқу жылында толық мектепке келуін қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдың 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Менің таңдауым балаларға көмек көрсету» ұранымен Республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Осы акцияның негізгі мақсаты - әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы, толық емес және қамқорлықтағы отбасы балаларына көмек беру. Акция кезінде қауіпті топ балаларын, әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларды анықтау қатты қолға алынып, дер кезінде шаралар (оқумен қамту, материалдық көмек көрсету) қолданылды. №132 жалпы орта білім беретін мектебінде өтіп жатқан акцияға ата-аналар, ұстаздар, кәсіпкерлер, мекеме басшылары белсене қатысты.
Көмек көрсеткен мекемелер мен жеке кәсіпкерлер: ДЕПО, Таза су, филиал «Казчермет» басшысы Узембаев А.Т, орынбасарлары Данияров А.Д, Шораев И.Ғ үш отбасына Құрбан айт мерекесінде 2 қой сойып берді. Дүкендер: "Жандос" Қасымбеков Ж.К -100000 теңге 5 отбасы оқушыларына қаржылай көмек көрсетті. Депо мекемесінің жұмыскері Т.Ситахметов -1 отбасынын 1 баласына қаржылай көмек көрсетті, мектебіміздің 20 оқушысына мектеп жилеткасы тегін берілді, «Шынар», «Қазына», «Аяжан» (Бекежанова Б), «Сәлем» (Жалғабекова А.Ш ), «Асхат» (бутик) Садыкова П, Заманова Ы, Байгозина К,Айткенова Қ, Амирова Р. «Керемет», «Гүлмира», «Азамат», «Роза» Шуткубаева Р.С, «Магнат» Шибаева Е.
Мектебіміздің ата-аналары мен ұстаздарынан берілген көмек Асанова М.М, Сейтмагамбетова М.Т, Мырзаханова Б.М, Окасова А.Қ. Аудандық білім бөлімі тарапынан жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына куртка, аяқ киім, сумка, оқу құралдары барлығы 50 мың теңгеге көмек көрсетілді.
Жалпы мектеп бойынша осы акцияға көрсетілген көмектің жалпы сомасы 520 300 теңгені құрайды.
Мектеп әкімшілігі аталған мекеме басшыларына, кәсіпкерлерге, ұстаздарға,көмек бергені үшін үлкен алғыс айтып, ризашылық білдіреді.