Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
“Әр сыныптан бір ағаш“
17-04-2022 11:49
“Әр сыныптан бір ағаш“
Қоршаған ортаны қорғау — әрбір қазақстандықтың міндеті. Дәл осындай мақсатпен бүгін Е.Шаханов атындағы тірек мектебінде “Әр сыныптан бір ағаш“ акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
 
Іс-шараның мақсаты — өсіп келе жатқан ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тарту.
 
Игі шараға мұғалімдер мен оқушылар қатысты.
 
Акцияның ашылу барысында мектеп директоры Салтанат Аманжанқызы Байшокенова сөз сөйлеп, сенбілік өткізудің маңыздылығына тоқталды. Оқушыларды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды. Өңірдің тазалығын сақтау — әрбір жаңаарқалықтың өмір сүру дағдысына айналу керектігін атап өтті.
 
Туған жерді жасыл алқапқа айналдыруды мақсат тұтқан оқушылар экологиялық акцияны қызу қуаттап, жас көшеттерді қаз-қатар тікті. Олар мектептің айналасына әп-сәтте 100-ден аса тал отырғызып, өнегелі істе жұдырықтай жұмылып, белсенділік танытты.
 
Осылайша “бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығара“ білген жас ұрпақ өнімді еңбек етіп, тазалықтың басты орында екендігін бүгiнгi акция барысында тағы бір рет айқын дәлелдеді.
 
Міне, “Әр сыныптан бір ағаш“ акциясы осылайша игi iспен ұштасты. Ендеше табиғатты түлетуге, түрлентуге деген ықыласымыз ортаймасын.
 
Жансая АСЫЛБЕКОВА,
 
“Е.Шаханов атындағы тірек мектебі (РО)“ КММ, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары