Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Білім қызметкерлері арасында Шет ауданында өңірлік спартакиада өтті
31-03-2022 15:20
Білім қызметкерлері арасында Шет ауданында өңірлік спартакиада өтті
Жуырда Жезқазған өңірінің білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы төрағасының кубогына арналған білім қызметкерлері арасында Шет ауданында өңірлік спартакиада өтті. Онда спортшылар волейбол, үстел теннисі, кір көтеру, асық ату, бес тас, арқан тартыс ойындарынан бақ сынасты.
Байрақты бәсеке Ұлыстың ұлы күніне орайластырылды.
 
Екі күнге созылған бәсекеде Шет ауданы, Жаңаарқа ауданы, Ақтоғай ауданы, Ұлытау ауданы, Жезқазған, Сәтпаев және Балқаш қалаларының қызметкерлерінен құралған 7 команда күш сынасты.
 
Біздің спортшылар басқа да аудандардың спортшыларына лайықты қарсылас екендіктерін көрсете білді. Атап айтсақ, үстел теннисі, кір тасын көтеру және волейбол спорты жыл өткен сайын қарқын алып келеді. Шеберлігін шыңдауды мақсат еткен бұл ойын түрлерінен жерлестеріміздің бәсі биік болды.
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылған спартакидаға 100-ден артық спортшы қатысты. Қоскүндік жарыс қорытындысында Жаңаарқа құрама командасы жалпы есепте жүлделі ІІ орынға ие болды.
— Спорт қоғам алдына үлкен міндеттер қойып отыр. Соның ішінде маңыздысы – дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа қолайлы мүмкіндіктер туғызу. Осы арқылы барлық жастағы адамдардың спортпен шұғылдануына, сөйтіп, өмірлерін ұзартуына жағдай жасау. Бүгінгі спартакиада осы мақсаттарды көздеді. Осындай спорттық шаралар ұжымда салауатты өмір салты мен қарым-қатынасты қалыптастыруға септігін тигізеді. Білім қызметкерлерінің барлық корпоративтік іс-шараларға асқан қызығушылықпен және зор ынтамен қатысатыны қуантады. Бір серпіліп қалдық. Өте қызықты һәм тартысты өтті. Орайы келгенде айта кетсем, бізді бастап, жарысқа жол шығынын көтерген Жаңаарқа аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Оразхан Әлиханұлы Мұхамеджановқа зор алғысымызды білдіреміз, — деді өз сөзінде жарысқа командаларды жасақтап ұйымдастырған №132 тірек мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қылыш Жүкенов.