Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
МЕКТЕПТЕ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
28-04-2018 09:04
МЕКТЕПТЕ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ

              № 132 ЖОББ мектебінде ағымдағы   жылдың  26  сәуірі  күні «Жаңартылған білім беру мазмұны – білім саласындағы жаңа қадам» тақырыбында  ашық есік күні   өтті. Шараға мектеп  ардагерлері, ата-аналары, қамқоршылық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер, әкімшіліктен арнайы қонақтар қатысты.

            Ашық есік күнінің мақсаты:ата-аналарды мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы  жаңартылған білім беру мазмұнымен  жақынырақ таныстыру және мектептегі іс-шараларға  белсене араласуға тарту. Бірнеше  пәндер бойынша ашық сабақтар, презентация, тренинг, коучинг  іс-шара жоспарына сәйкес  өте жоғары деңгейде өтті.   Ұл-қыздарының мектептегі өмірімен жақынырақ танысуға  ата-аналармен  бірге әжелер  де қызығушылық танытты.

           Мектеп — жас ұрпаққа білімтәрбие беретін мекеме.   Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған оқушылар, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығады. Сондықтан, сабаққа  қатысқан ата-аналар, ұстаздар қауымының, сабақтарды жаңаша  әдіс-тәсілдерді қолданып өткізген сәттері қатты қызықтырғанын атап өтті. Әсіресе, жаңартылған білім беру мазмұны  бойынша Төлеутаева Аягөз Серикбаевна2 «Б» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Дара  және күрделі сын есім» тақырыбында  жәнеОмирзакова Анара Сабыровна2 «Г» сыныбында дүниетану пәнінен «Растения и животные в жизни человека»тақырыбында ашық сабақтарында  оқушылар  топпен, жұппен жұмыс істеп белсенділік танытқанын көрген қонақтар  жаңа әдіс-тәсілдердің оқушының  сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыруына әсер ететінін байқады.

        Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Смагулав Бауыржан Абушахманович осы күні, ата-аналарға «Критериалды бағалау ерекшеліктері»,  бағалау критерийлерінің негізінде білім  алушылардың оқу жетістіктері туралы  ақпарат берді. Жас мамандар тоқсандық, жиынтық бағалаудың алыну тәртібі туралы көрініс қойды.

Ал, мектеп психологы Чередина Ирина Владимировна қонақтарға «Кері байланыстың»  тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсартуға болатындығы туралы түсіндірді.

         Білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеп, ата-бабаларымыздан қалған мол рухани  ұлттық мұраны келешек ұрпақтың бойына дарыту –мектептегі ұстаздар қауымының басты  міндеті.

 

Директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасары  

Мияшева Айман Мияшевна