Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 406
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 47
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 648
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Үздік жас маман- 2021» байқауы
21-12-2021 15:33
«Үздік жас маман- 2021» байқауы

Жастарды қолдау саясаты әрқашан мемлекет назарынан түскен емес. Еліміздің болашағы - бүгінгі жастардың қолында. « № 132 тірек мектебі (РО)» КММ-да «Үздік жас маман- 2021» сайысы  өтті.
     Сайысқа мектебіміздің 8 жас маманы қатысып, бақтарын сынады. Атап өтсек, Сыздыкова Саягул Ибрагимқызы – информатика пәні мұғалімі, Көшкінбаева Әсел Болатқызы - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Шахманова Бағдина Айтжанқызы - химия  пәні мұғалімі, Шәкенова Еркеназ Байғозықызы – педагог- психолог, Далабаев Сағынай Оңдасынұлы - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Ақтаев Елдос Төлегенұлы - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Советова Жанар Дүйсенбайқызы - музыка пәнінің мұғалімі, Қозыбаева Жансая Муратовна - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.  

     Сайысқа түскен жас мамандар төмендегі сынақтардан өтті: таныстыру,   өз өнерін көрсету, жағдаяттық сұрақтар. Өте қызықты әрі тартысты  өткен сайысқа жас мамандар тиянақты дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Таныстыру және өнер көрсету кезеңдерінде мұғалімдер өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді. Жас болса да, ұстаз деген атқа лайық жас мамандар педагогикалық жағдаяттардан жақсы шыға білді. Сабақ жоспарын құру барысында білім мазмұнын жаңарту шеңберінде белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, педагогикалық шеберліктерін көрсетті.  Шығармашылық кезеңінде талантты мұғалімдеріміз аспапта ойнау, тамылжыта ән салу, мың бұрала билеу, әртістік шеберліктерін   айшықты етіп көрсете білді.

       Әділ қазылар алқасының  мүшелері  төрт  кезең бойынша  қатысушылардың бағаларын сараптап, нәтижесін шығарды. Ал мектеп директоры мен  орынбасарлары  “Жас маман” сайысы бойынша әділ қазылар шешімін қорытындылап, жеңімпаздарды жариялап марапаттады.  Нәтижесінде белсенді қатысып, ерекше көзге түсе білген Сыздыкова Саягул Ибрагимқызы  Бас жүлдені иеленсе, Көшкінбаева Әсел Болатқызы  «Шығармашыл  жас маман-2021», Шахманова Бағдина Айтжанқызы мен Шәкенова Еркеназ Байғозықызы «Дарынды жас маман-2021»,  Далабаев Сағынай Оңдасынұлы мен Ақтаев Елдос Төлегенұлы «Білікті жас маман-2021»,  Советова Жанар Дүйсенбайқызы мен  Қозыбаева Жансая Мұратқызы  «Өнерлі жас маман-2021»номинацияларымен  марапатталды.

«Бұл ғасыр – тек білімділердің заманы, оны игере алсаң ғана көштен қалмайсың. Білімді бол, ұмтыл алға, жас маман!» деген ұранмен жас мамандарға ақ жол тілемекпіз. Мектебіміз әрқашан осындай шаралармен толыса берсін.

 

Директордың  оқу ісі жөніндегі  орынбасары  Мияшева Айман Мияшевна