Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
"Үздік дене тәрбиесі мұғалімі - 2018"
05-04-2018 20:28

Облыстық "Үздік дене тәрбиесі мұғалімі - 2018" байқауына дене тәрбиесінің мұғалімі Жүкенов Қылыш Санашұлы да өзінің мол тәжірибесін, үздік жұмысын жолдаған болатын.

Байқауға бас-аяғы 118 мұғалімнің жұмысы қатысқан. Жұмыстар сұрыпталып, іріктеліп, комиссияның шешімімен 118 жұмыстың ішінен алға суырылып 5 жұмыс анықталды. Солардың ішінде біздің Қылыш Санашұлының жұмысының бәсі басым түсіп, бестіктер қатарына ілікті.

"Қазақстан ұстазы", "Шығармашыл тәжірибелі ұстаз", "Білім көшбасшысы" төсбелгілерінің иегері, ұлт денсаулығына алаңдайтын тұлға, өз мамандығын ерекше сүйетін, жұмысына жан-тәнімен берілген ұстаз, жас та болса, бас бола білетін, ұжымда үлкен құрмет пен сыйға ие Қылыш Санашұлына шексіз алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Үздік бестікке ілігіп, мықтылардың ішіндегі кіл мықтысы екендігіңді тағы бір мәрте дәлелдедің. 

- Жаңғыру, серігу, серпілу сынды қасиеттердің түбі спорттан бастау алады. Спорт - тән мен жанды ғана сергітпейді, рухты да сергітеді. Рух оянса биіктейді. Ал, рухы биік Қылыш Санашұлының алмайтын асуы, жеңбейтін қиындығы жоқ. 

Ұлт денсаулығын жақсартуға, өскелең ұрпақты шыңдауға аянбай атсалысып жүрген әріптесіміз Қылыш Санашұлына зор денсаулық, Қазақстанның абыройын асқақтататын жаңа жеңістер тілейміз.