Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бишілеріміз биіктен көрінді
30-03-2018 11:48
Бишілеріміз биіктен көрінді

Мәдениет үйінде өткен І аудандық «Ботақан» өнер байқауына қатысқан «Айгөлек» би тобы қомақты жүлдемен оралды. Қазақтың ұлттық биін орындап, аудандық деңгейдегі қазылар алқасының оң бағасын алды.

Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Шоланова Меруерт Есенғалиқызы дайындаған биші балақандар биіктен көрінді. Байқаудың Бас жүлдесін еншілеп, талайдың таңдайын қақтырды.

Шәкірт бойына біліммен қатар тәрбие сіңіретін Меруерт Есенғалиқызының бойында қаншама талант тұнып тұрғанына тәнті болдық әрі ата-аналармен тығыз байланысының көрінісі де осыдан-ақ байқалып тұрды. «Айгөлек» бишілер тобының көрерменге ұсынған «Қазақ» биі сәтті шығып, тамашалауға келгендердің ұстаздарының өнеріне сүйсінісін еселей түсті. Биші ботақандар тамашалауға келген жұртшылықтың ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді.

Өнерлері үстем болған айгөлектіктер алдағы уақытта да биік белестерді бағындырмақ.