Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Жыр додасында топ жарды
17-02-2018 12:30
Жыр додасында топ жарды

   Әсем қала Алматыда «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған балалар мен жасөспірімдер арасында «Бақытым – Халқым менің!» атты халықаралық көркемсөз фестивалі өтті.

  Фестивальдің мақсаты: мемлекеттік тіл мәдениетінің аясын кеңейту, поэзияға деген сүйіспеншілікті ұлғайту, Мұқағали мұраларын дамыту, талапты және талантты жасөспірімдерді қолдау.

  Халықаралық Қазақ Творчестволық «Бейбітшілік әлемі» бірлестігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған бұл байқауға мектебіміздің 4 «А» сынып оқушысы Қадыркей Ақгүл (жетекшісі Қ.С.Жахина) мен 3 «А» сынып оқушысы Саденова Жазира (жетекшісі П.М.Омарова) қатысып, ТМД елдерінен келген балғындармен қатар бақ сынасты.

  Ақынның өлеңдеріне жазылған әндер мен өлеңдерін жатқа оқудан сынға түскендердің қатарынан аудан намысын қолдан бермей, жүзден жүйрік шыққан Қадыркей Ақгүл Бас жүлдені иемденсе, Сәденова Жазира І орынды еншіледі. Талантты жетекшілері Қарлығаш Серікқызы мен Перизат Мұратқызы педагогика саласында заманауи білім, саналы тәрбие берудегі мол еңбегі үшін «Бейбітшілік әлемі» Президенті, Әлем Халықтары Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, профессор, академик Ә.А.Нұрмановтың қолынан Алғыс хат алып марапатталды.

  • Мен бұл байқауда Мұқағали атамыздың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді және «Поэзия» өлеңін жатқа оқыдым. «Көркемсөз» аталымының өзінде 40-қа жуық қатысушы бақ сынады. Елімізге танымал ақын-жазушылар әр үміткердің шығарманы орындау мәнеріне, сахнадағы жүріс-тұрысына, киім киісіне ерекше мән берді. Байқауда бас бәйгені қанжығалап келуіме сынып жетекшім Жахина Қарлығаш Серікқызының көп септігі тиді, - дейді дарынды оқушымыз Ақгүл.

  Бойымыздағы өнердің кішкене болса да ұшқынын жарқырата көрсетуге көп мүмкіндік жасаған ұстаздарымызға алғысымыз шексіз, - дейді кішкентай өнерпаздар жарыса сөйлеп.

   Вокзал басында талантты балаларының жеңісінен толқып, қуаныштарын жасыра алмаған ата-аналары мен әріптестері де ұстаздарына алғысын білдіріп, мәре-сәре болып жатты. «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші, жас дарындардың өнерлерінің ұштала түсуіне мүмкіндік жасаған ұстаздарына алғыстарын жеткізді.

   Расымен, өнерлі балғындардың жыр додасында жүлдегерлер атануына зор үлес қосқан ұстаздарының еңбектері айрықша.

  Өнерге, шығармашылыққа бейім жас өренді шыңдап, білім мен тәрбиеге қатар баулып жүрген бастауыш сынып мұғалімдері Қарлығаш Серікқызы мен Перизат Мұратқызына біз де өз тарапымыздан шығармашылық шабыт пен табыс, ұстаздық жолына жемісті еңбек тілейміз.