Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Пай, пай, қазақтың келіндері-ай!
27-02-2018 19:39
Пай, пай, қазақтың келіндері-ай!

Ақпан айының 27 жұлдызында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Астананың 20 жылдығы және Бұқар жыраудың 350 жылдығына арналған аудандық «Қазақтың келіндері-ай!» атты сайыс өтті.

Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, келін мен ене, ата мен келін арасындағы сыйластық пен құрмет, келіннің бір әулеттің қана емес, бүкіл ұлттың ұрпағының анасы екенін, отбасының, шаңырақтың ұйытқысы екенін бүгінгі жастардың санасына сіңіру мақсатында өткен тағылымды шараға мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Өмірзақова Анар Сабырқызы қатысты.

Байқауға барлығы сегіз келін қатысты. Анар Сабырқызы байқаудың барлық талаптарынан сүрінбей өте білді. Атап айтсақ, өзін-өзі таныстыру кезеңінде театрландырылған көрініс арқылы көрсетіп, оның жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, инабаттылығы, киген киімі бәрі де сынға түсті. Сондай-ақ, Анардың ісмерлігі мен қолөнер шеберлігі де әділ қазылар алқасын тәнті етті. Ал, сахнада мың бұрала билеген биі сайыстың көркін аша түсті. 

Әріптесіміз Анардың бойынан ізгілік, ибалық, қарапайымдылық секілді қасиеттер анық байқалып тұрды. Ата-енені күтіп, әрі әулеттің ыстығына күйіп, суығына тоңған, келген жерінің өрісін кеңейтіп, ұрпақ өсіріп отырған өнегелі келін екендігін жиналған қауымның алдында паш етті.

Ұлттық құндылықтарымызды насихаттауды басты мұрат еткен байқаудың қорытындысында Анар Сабырқызы Бас жүлдені жеңіп алды.

Ұлттық тәрбие, үлкенді сыйлау, ата-енеге құрмет көрсету әр шаңырақтың келінінің парызы деп білген әріптесіміз Анар Сабырқызына шығармашылық табыс тілейміз.