Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
І аудандық робот техникасы фестивалі
27-01-2018 17:03
І аудандық робот техникасы фестивалі

Аудандық білім бөлімінің ұйытқы болуымен оқушылар арасындағы І аудандық робот техникасы фестивалі - бағдарламалау және инновациялық технологияларды меңгеру машығын айқындайтын "EduRobot.ZH" сайысы өткізілді.

Оқушыларды озық ой айдынына жетелеп, зияткерлік қабілетін шыңдауды мұрат тұтқан іс-шараның ашылу рәсіміне аудандық білім бөлімінің басшысы Тілеш Әштаев пен облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Дулат Ақылтаев қатысып, сөз сөйледі.

Өнертапқыштар өзара сайысқа түсіп, "Кегельринг" бастамалар үшін санатында 8 "Ә" сынып оқушылары Асхат Мәнтенов пен Диас Кәріпбеков (жетекшісі Ғ.И.Жаркенова) ІІІ орынды иеленді.

3D модельдеу санатында Тілектес Жаппаров жане Әлішер Асқаров (жетекшісі Ж.С.Асылбекова) ІІІ орынға ие болды.

Сайыс жеңімпаздары алдағы уақытта IV Халықаралық робот техникасы фестивалі - бағдарламалау және инновациялық технологиялар "RoboLand-2018" байқауында бақтарын сынайтын болады.