03.03.2021 ж № 132 тірек мектебінде Халықаралық азаматтық қорғаныс күні (1 наурыз) аясында 11 сынып оқушыларымен « Азаматтық қорғаныстың хабарлау белгілері және әрекет ету тәртібі» тақырыбында іс шара өткізілді. Мектебіміздің АӘД пән мұғалімі Е.Ы.Өміртаев азаматтық қорғаныс – жалпы мемлекеттік қорғану шаралар жүйесінің құрамдас бөлігі .Ол дұшпанның түрлі қаруларының ,техногендік және табиғи апаттың негізгі факторларының халыққа әсерін әлсірету үшін құралғандығы туралы түсіндірді. Кездесуге Жаңаарқа ауданының ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Ерденбай Е.Қ және 33- ӨСБ инженері азаматтық қорғау капитаны Қожамберлин Д.С қатысып, бейбіт уақыттағы және соғыс уақытындағы төтенше жағдай туралы ,адамдардың тағдыры уақытқа көп байланысты екендігі,төтенше жағдайларда оны зая жіберуге болмайтындығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
« Азаматтық қорғаныстың хабарлау белгілері және әрекет ету тәртібі»